Еліміздің алты облысын тұман басады

5 Наурыз 2024, 09:25
304
Бөлісу:
Еліміздің алты облысын тұман басады
Фото: BAQ.KZ - архив

"ҚазАвтоЖол" мамандары еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан, Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Павлодар облысында көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласында екпіні 18-20 м/с жел соғады деп болжанады. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген компания таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы