Еліміздің 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

16 Наурыз 2023, 18:23
539
Бөлісу:
Еліміздің 57 оқушы екі халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанды

Алматы қаласында математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды. 

Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр,– дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Екі олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысаса, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.

Өзгелердің жаңалығы