Еліміздің 4 өңірінде 12 жол учаскесі жабық тұр

30 Наурыз 2022, 20:07
1514
Бөлісу:
Еліміздің 4 өңірінде 12 жол учаскесі жабық тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды және Қостанай өңірлерінде бірқатар жол учаскесі ауа-райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық,деп хабарлады ҚазАвтоЖол ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Ауа райы әлі де қолайсыз. Тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырамыз. Ауа райы болжамын жіті қадағалап отыру керек. Ал егер автокөлік иегері қар құрсауында қалып қойып жатса, онда тәулік бойы жұмыс жасайтын 1403 нөміріне хабарласу қажет екенін еске саламыз.

Қазір қысқы күтіп ұстау жұмыстарына 650 бірлік арнайы техника мен 1100 жол қызметкері жұмылдырылды.

Алдағы күндері де жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп, автожолдардағы ахуалды қадағалайды.

Өзгелердің жаңалығы