Еліміздің 4 облысы арқылы өтетін Бішкек – Мәскеу пойызы 18 желтоқсаннан бастап жолаушы тасымалдайды

10 Қыркүйек 2024, 23:10
1048
Бөлісу:
Еліміздің 4 облысы арқылы өтетін Бішкек – Мәскеу пойызы 18 желтоқсаннан бастап жолаушы тасымалдайды
Фото: архив

2025 жылы іске қосылатын Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да Қазақстан арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей темір жолдары кәсіпорындарының ортақ келісімі бойынша Бішкек – Мәскеу пойызы биылғы 18 желтоқсаннан бастап аптасына екі мәрте қатынайтын болды. Бұған дейін Қырғызстанның Транспорт және коммуникация министрлігі бұл бағыт 2025 жылы ашылатынын хабарлаған болатын. Бұл шешімге түзетулер енгізілді.

Бішкек – Мәскеу пойызы аптасына екі рет жолаушы тасымалдайды және Қазақстанның Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді. Бішкектен Мәскеуге дейінгі жалпы жол ұзақтығы 4 тәулікке созылады.

Еске салайық, Covid-19 коронавирусына қатысты шектеулерге байланысты бұл бағытта пойыз қатынауын тоқтатқан болатын. Ал пандемиядан кейін пойыз Ресейдің Самара қаласындағы станциясына дейін қатынады.

Сондай-ақ Қырғызстан темір жолы кәсіпорнының хабарлауынша, 2025 жылы Бішкек – Казань, Бішкек – Новосібір пойыздары да жолаушы тасымалдайды. Бұл пойыздар да Қазақстан аумағы арқылы өтетінін еске саламыз.

Өзгелердің жаңалығы