Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1 Қаңтар 2024, 07:33
4452
Бөлісу:
Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Архив BAQ.KZ

Астана мен елдің 14 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болады.

Астанада және Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Абай облыстарында боран соғып, көктайғақ болады.

Ұлытау облысында жаяу бұрқасын болып, Маңғыстауда көктайғақ болады.

Түркістан, Жамбыл облыстарында тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, күндіз боран соғады.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз елдің оңтүстігі мен солтүстігінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Өзгелердің жаңалығы