Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

26 Наурыз 2022, 00:22
1713
Бөлісу:
Еліміздің 12 өңірінде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 25 м/с.

Шымкент қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 26 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында жауын-шашын, түнде облыстың, солтүстігінде, батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

26 наурызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

26 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы