Еліміздің үш облысында күн суытады

4 Мамыр 2020, 20:43
1583
Бөлісу:
Еліміздің үш облысында күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

6 мамыр түнде Қарағанды облысының кей жерінде 1-6 градусқа дейін күн суытады. 5 мамыр күндіз Атырау облысында найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады. Атырау қаласында 5 мамыр күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысында 5 мамыр түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оралда 5 мамырда оңтүстік-шығыс желі есіп, екпіні 18 м/с болуы ықтимал. Ескертудің ықтималдығы 75-95 %.
Өзгелердің жаңалығы