Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

31 Тамыз 2020, 09:15
1456
Бөлісу:
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 тамызда антициклонның әсерінен республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің оңтүстігінде найзағайлы жаңбыр жауады. 

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте - дауыл, найзағай, тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз - найзағай, дауыл күтіледі, түнде және таңертең – тұман күтіледі. Күндіз Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында найзағай күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды ​​облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы