Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1 Қыркүйек 2020, 09:03
1592
Бөлісу:
Еліміздің 7 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

01 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі. 

Күндіз 1 қыркүйекте Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерде төтенше өрт қаупі сақталады.

1 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 1 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерінде 36 градус ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с дейін жетеді.

1-3 қыркүйекте Жамбыл облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауылсоғып, бұршақ жауады деп болжануда. 2, 3 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с жетеді. 

2 қыркүйекте Ақтөбе облысының кей жерінде 35-36 градус қатты ыстық болады.


Өзгелердің жаңалығы