Елімізден боксқа жастар арасында Азия чемпионатына қатысатындардың кестесі анықталды

14 Қаңтар 2023, 19:38
1044
Бөлісу:
Елімізден боксқа жастар арасында Азия чемпионатына қатысатындардың кестесі анықталды

Бокстан 19-22 жас арасында 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатының (U-22) кестесі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен 16 және 17 қаңтар күндері техникалық рәсімдер өтіп, жеребе тартылады.

Жарыс 18 қаңтар күні басталады. 21-іне дейін бастапқы жекпе-жектер болады. 22 және 23 қаңтарда жартылай финалдар өтсе, 24-і – демалыс күні, 25-і және 26-сына финал жоспарланған.

Қазақстаннан жігіттер 13 салмақ дәрежесінде рингке шығады: Санжар Тәшкенбай (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг), Сағындық Тоғамбай (86 кг), Ерхат Бекзат (92 кг), Аманат Сабырғали (+92 кг).

Қыздардан мына спортшылар ел намысын қорғайды: Әнел Құдайберген (48 кг), Мөлдір Тойкова (50 кг), Жансая Рахимберді (52 кг), Әнел Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг), Жасмин Қизатова (70 кг), Дана Дидай (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг), Елдана Тәліпова (+81 кг).

Өзгелердің жаңалығы