Еліміздегі волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективалары талқыланды

1 Ақпан 2024, 01:45
454
Бөлісу:
Еліміздегі волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективалары талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективалары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отырысқа министрлік, облыс әкімдіктері, Ұлттық еріктілер желісінің өкілдері қатысты.

Ведомство мәліметінше, Данияр Қадыров Мемлекет басшысы волонтерлік және қайырымдылық дәстүрлерін нығайту бойынша кешенді қадамдарды дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойғанын атап өтті.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы аясындағы іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда, - деп жазылған мәліметте.

Сондай-ақ сарапшылар ТМД елдеріндегі волонтерлік жыл аясында жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Осылайша, Жетісу облысында Халықаралық волонтерлік экспедиция, Солтүстік Қазақстан облысында «Волонтерлік – әлемдік тәжірибе» телекөпірі, Қостанай облысында «ТМД елдеріндегі волонтерлар қозғалысының даму перспективалары» панельдік сессиясы және т.б. жоспарланған.

Еске салайық, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен 2024 жыл «Волонтерлік қозғалысы жылы» болып жарияланған болатын.

Жиын барысында өңірлердің волонтерлікті қолдау туралы есептері тыңдалып, республикалық фронт-офистердің жұмысы, төтенше жағдайлардың салдарын жою саласындағы волонтерлікті дамыту қорытындылары шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы