Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды

2 Мамыр 2024, 19:28
296
Бөлісу:
Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай белгілі болды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстандағы өзендер мен көлдерге тасқын суларды жіберу туралы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай келесідей:

  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды.
  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы.
  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%.
  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%.
  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.
  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы.
  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%.

Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы