Еліміздегі Корея Республикасының әскери атташесі таныстырылды

27 Шілде 2022, 19:52
1371
Бөлісу:
Еліміздегі Корея Республикасының әскери атташесі таныстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Корея Республикасының Әскери атташесі полковник Сонг Тэгук кездесті.   

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты корейлік әріптесі Корея Республикасының жаңа әскери атташесі 2-дәрежелі капитан Ким Джонг Хені таныстырды.   

Қазақстандық тарап полковник Сонг Тэгук бастаған Қазақстандағы Кореяның әскери атташесі аппаратының қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды арттырудағы еңбегін атап өтті.   

Сон Тэгук 2019 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасында әскери атташе қызметін атқарды. Осы кезеңде тараптар әскери ынтымақтастықты дамытуда, оның ішінде әскери білім беру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

 

Өзгелердің жаңалығы