Еліміздегі кеншілер арнаулы 208 мың теңгеден ала бастады

26 Маусым 2024, 11:10
184
Бөлісу:
Еліміздегі кеншілер арнаулы 208 мың теңгеден ала бастады
Фото: Арман Мухатов - архив

Бүгінде Қазақстанда 55 жасқа толған 7 мыңнан аса кенші арнаулы төлем алып жүр. Мұндай мәліметті Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет мүшесі атап өткендей, бұл бастама былтыр Мемлекет басшысының Жолдауында қарастырылып, қолдау тапқан болатын.

Жыл басынан бері қауіпті жұмыс орындардағы қызметкерлердің арнаулы жәрдем ақысы төленіп жатыр. Бүгінде оны алушылардың саны 7 140 адамға жетіп, ол мақсатқа 1,2 млрд теңге қаржы жұмсалды, - деді Тамара Дүйсенова отырыста.

Ол бұл жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

Арнаулы төлемнің орташа сомасы – 208 мың теңге.

Бұған дейін 55 жасқа толған және зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін кеншілер арнаулы төлемді қалай алатынын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы