300 млн теңгеге түсірілген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс түскен

21 Маусым 2024, 12:08
35472
Бөлісу:
300 млн теңгеге түсірілген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс түскен
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат депутаты Бекболат Орынбеков отандық кинематография саласындағы проблемаларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көпжылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар.

2016-2022 жылдары кезеңінде "Қазақфильмге" кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталды. Мысалы, "Әруақ" фильміне 300 млн теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. "Композитор" фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды, - деді сенатор.

Бекболат Орынбеков атап өткендей, ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы 1,1 млрд теңге.

Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттің аудиторлардың есептері ескерілмеді деген күмән бар, - деді ол бірлескен отырыста.

Өзгелердің жаңалығы