Кеншілер арнайы төлемді қалай ала алады? - Вице-министр жауап берді

14 Желтоқсан 2023, 12:57
2261
Бөлісу:
Кеншілер арнайы төлемді қалай ала алады? - Вице-министр жауап берді
Фото: pixabay.com

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы төлем тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Келесі жылдан бастап зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 55 жасқа толған қазақстандықтарға арнаулы төлем тағайындалады. Төлем 4 көзден қарастырылған: республикалық бюджеттен – 2 ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде, жұмыс берушіден 1 ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінде, сондай-ақ өмірді сақтандыру компаниясынан және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, - деді спикер Сенат кулуарында.

Жаңа төлемнің орташа мөлшері - 200 мың теңге.

Оның дерегінше, арнаулы төлем орташа есеппен – 208 мың теңгені құрайды. Республикалық бюджет туралы заң бекітілді. Онда ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 мың теңге деп жазылған. 2 ең төменгі күнкөріс - 86 мың теңге. 

Жұмыс беруші 43 мың теңге, ал өмірді сақтандыру компаниясы тағы 43 мың теңге төлейді. Сондай-ақ БЖЗҚ орташа есеппен 35 мың теңге аударады. Осыдан кейін барлық ақша бір орынға жинақталып, бір уақытта (55 жасқа толған кеншілерге – автор) аударылады. Біздің болжамымыз бойынша арнаулы төлемді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 37 мың адам алуы мүмкін, - деді Сағындықова.

Төлемді алу үшін не істеу керек?

Бұл жәрдемақыны алу үшін жұмысшылар жұмыс орнындағы кадрлар бөліміне барып, тиісті өтінішті жазуға тиіс. Онда ол зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеуін тоқтататынын көрсетеді. Осыдан кейін ол кез-келген жұмысқа ауыса алады. Бұл өтініш бізге автоматты түрде беріледі. Біздің жүйеміз (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) оған төлемді тағайындайды, - деді вице-министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін енді елімізде кеншілер қосымша төлем алатынын жазған едік. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында заң мақұлданды.

Өзгелердің жаңалығы