Еліміздегі 690 мың кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

12 Қазан 2021, 10:28
1864
Бөлісу:
Еліміздегі 690 мың кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. 

Оның айтуынша, «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасын қаржыландырудың қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 8,5 трлн теңгені құрайды.

Оның ішінде республикалық бюджетте 1 трлн теңгеден астам қаржы, ал жергілікті бюджеттерде 125 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 7,3 трлн теңге сомасына жеке инвестициялар тарту қамтамасыз етіледі. Ұлттық жоба кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуге бағытталған, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жеке кәсіпкерлікпен айналысуға жағдайлар жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес дағдыларды дамыту, сонымен қатар субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданады.

Ұлттық жобаның басты міндеттерінің бірі - кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру және экономикадағы мемлекеттің үлесін төмендету. Ұлттық тауар өткізу желісін құру және жаңғырту жоспарлануда. Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру мақсатында 690 мың шағын және орта бизнес субъектісі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылады, - деді Ұлттық экономика министрі.

Еске сала кететін жайт, бұған дейін Ұлттық жоба шеңберінде тұрғын үй құрылысына 14 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылатыны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы