Елімізде жұмыссыздық деңгейі – 4,5%. Еңбек министрлігі енді қандай өзгерістерге басымдық бермек?

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі белгілі болды. Еңбек министрлігі еңбек нарығын өзгертетін жаңа бастамаларды жариялады.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 11:29
Бүгiн 2026, 11:29
94
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында халықты жұмыспен қамту және жұмыс орындарының сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, ведомство қызметінің негізгі бағыттарының бірі – халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жұмыс орындарының сапасын арттыру.

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайыз. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен шамамен 228 мың азамат (оның ішінде 85 мың жас адам) қамтылды (2026 жылғы 25 маусымдағы жағдай). Экономикада жоспарланған 3,1 млн сапалы жұмыс орнының 2,9 миллионы қамтамасыз етілді. Алдағы жұмыс халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің неғұрлым белсенді моделіне көшуге бағытталатын болады. Мансап орталықтары «бэк-офис» моделінен «фронт-офис» моделіне ауысады, - дейді министр. 

Оның сөзінше, негізгі басымдық бейресми жұмыспен қамтуды анықтау және азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға беріледі.

Негізгі басымдық бейресми жұмыспен қамтуды анықтауға, азаматтарды атаулы сүйемелдеуге және оларды тұрақты жұмысқа орналастыруға бағытталады. 

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа моделі енгізілетін болады. Жұмыс орындарын квоталау механизмі кеңейтіледі: атап айтқанда, квоталарды автоматты түрде белгілеу және олардың орындалуын мониторингтеу жүргізіледі. Платформалық жұмыспен қамтуды ресмилендіру және интернет-платформа жұмыскерлерін жұмыстарды орындау кезіндегі қорғау шараларымен және механизмдерімен қамту жұмыстары жалғасады. Еңбек нарығының инклюзивтілігін арттыру мақсатында «Күміс жас» жобасын іске асыру жалғасады. Жұмыс орындарын құру кеңейтіледі. Азаматтарды креативті индустриялар саласына тарту жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады, - дейді Еңбек министрі.

Белгілі болғандай, Қазақстанда орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті.

Наверх