Елімізде Жастар күні қалай өтіп жатыр?

12 Тамыз 2023, 15:16
903
Бөлісу:
Елімізде Жастар күні қалай өтіп жатыр?
Фото: gov.kz

Жастар күніне орай елімізде түрлі іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы 
Солардың бірі Түркістан қаласында өткен республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген шараның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Интеллектуалды ойынға 50-ге жуық команда қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан бөлек, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл және Қызылорда облыстарынан келген 200-ден астам қатысушы болды.

Елімізде Жастар күні қалай өтіп жатыр?

Ойынның іріктеу кезеңінде өзара мықтыны анықтап финалдық кезеңге жолдама алады. Ширек финалға өткен 9 команда болды. Олардың төртеуі финалдық кезеңнің жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде бірінші орынды Бәйдібек ауданының «BBC» командасы жеңіп алса, екінші орынға Алматыдан келген «Oilike team» командасы ие болды. Үшінші орынды Шымкенттің «Әл-Фараби» командасы еншіледі. Төртінші орынға Түркістанның «Key To Life» командасы ие болды. I орын алған командаға 500 000 теңге, II орынға 300 000 теңге және III орын иегерлеріне 200 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

Сонымен қатар «Үздік білімгер» номинациялары бойынша 1-орынға 150 000 теңге, 2-орынға 100 000 теңге, 3-орын иегеріне 50 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

Астана қаласы
Халықаралық жастар күнінк орай елордада «Bir Tolqynda»заманауи би байқауы ұйымдастырылды.

Триатлон паркінде жиналған жастар әртүрлі жанрда би өнерімен ссйысқа түсті. Байқауға заманауи би кәсіби спортшылары және шығармашыл орындаушылары қатысты. Қатысушылар мен қонақтар үшін, «Streetball» кеңістігінде «Асық ойнау», «Садак ату», «Этно-форматтағы TikTok zone» сияқты ойын-сауық ұйымдастырылды.

Елімізде Жастар күні қалай өтіп жатыр?

Байқауға әлемге әйгілі төрешілер мен Dj-лер келді. «Bir Tolqynda» байқауы «Есірткіге жол жоқ» жобасы аясында жоспарланған салауатты өмір салтын насихаттайтын және жастарға жаң-жақты қолдау көрсететін іс-шаралардың бірі болды.

Қарағанды облысы

Халықаралық жастар күніне орай Қарағанды облысындағы волонтерлік ұйымдар арасында 100-ден астам жастың қатысуымен шағын футболдан турнир өтті. Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларының және Абай ауданының қатысуымен 18 команда бақ сынады. Жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. 

Елімізде Жастар күні қалай өтіп жатыр?


Атырау қаласы
Атырау қаласы да жастар күнін ерекше атап өтуде. Мерекене орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. 
Сағат 14:00-18:00 аралығынла жәрмеңке мен кітап фестивалінің басталады. Балаларға арналған кеңістіктің ашылуы 14:00-16:00 аралығында өтеді. Сондай-ақ, “Ulttyq Qaraoke” сайысы өтеді. Одан бөлек спорт сайыстарынан да жарыстар ұйымдастырылған. «We Talk» пікір алмасу алаңында да дебат өтеді.

 

Өзгелердің жаңалығы