Елімізде жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады

29 Шілде 2022, 14:00
1270
Бөлісу:
Елімізде жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің электросамокатпен жүруіне тыйым салынады. 

Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері мәлімдеді. 

Жол қозғалысы туралы заңға тиісті өзгеріс биылдан қалмай енгізіледі. Жаңа талапқа сай электросамокат иелері қозғалыс құралына жарықтандырғыш орнатуы міндеттеледі. Бұған дейін аталған көлік түріне арналған ереже бекітілген болатын. 

Электросамокатпен тек бір адам жүруі қажет және қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы