Елімізде жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетіледі

6 Наурыз 2023, 18:31
1290
Бөлісу:
Елімізде жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетіледі
Фото: inform.kz

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жаңа мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Жұртшылықпен байланыс басқармасы хабарлады.

«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдарын іске асыру үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тізілімге жаңа мемлекеттік қызметтер енгізілді

1) «Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»;

2) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру».

Сондай-ақ тізілімде «Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсат беру және оған қосымшалар» мемлекеттік қызметі қайта құрылды.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін регламенттеу үшін:

- Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-126 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30407 болып тіркелді);

- Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 қаңтарда № 31805 болып тіркелді).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлігінде НҚА қолданысқа енгізілетін күн:

- «Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру» - 10 қаңтар 2023 ж.;

- «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 2 сәуір 2023 ж.;

- «Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» - 2024 жылғы 1 шілдеден бастап.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі:

«Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» - 15 жұмыс күні, лицензияны қайта ресімдеу 3 жұмыс күні;

«Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру» - 13 жұмыс күні;

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» - 10 жұмыс күні.

«Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген 10 АЕК мөлшерінде ақылы негізде жүзеге асырылады. 

Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетуді комитеттің аумақтық департаменттері жүзеге асырады.

Өзгелердің жаңалығы