Елімізде жалған техбайқау құжаттары жойылады

25 Шілде 2023, 02:35
514
Бөлісу:
Елімізде жалған техбайқау құжаттары жойылады
Фото: baq.kz

Елімізде жалған техбайқау құжаттары жойылады. Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалған тексеру белгілері анықталған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Жаңа ереже бойынша диагностикалық картадан бас тарту кезінде автокөлік иесіне техникалық байқаудан қайта өту қажеттігі туралы SMS хабарлама келеді, – деп жазылған Qazaqstan.tv ақпаратында.

Демек, техникалық тексерістен өткен орталықтың жұмысы тоқтатылды деген сөз.

Былтыр заңсыз қызмет көрсеткен 168 оператордың рұқсаты жойылған. Ал техникалық байқаудан уақытылы өтпегендер 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 17 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.

Өзгелердің жаңалығы