Елімізде үйдің бағасы қымбаттады

8 Тамыз 2019, 10:11
2435
Бөлісу:
Елімізде үйдің бағасы қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті хабарлады. 

2019 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 0,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 0,6%-дан өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,7% жоғары болды.

баға.jpg

баға 1.jpg

Әдіснамалық  түсініктемелер:

Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.



Өзгелердің жаңалығы