Елімізде ветеринарлардың айлығы көтеріледі

20 Ақпан 2023, 18:48
1649
Бөлісу:
Елімізде ветеринарлардың айлығы көтеріледі
Фото: Біздің бесқарағай

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ветеринариялық мамандардың жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50,3 пайызға өскен, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасай отырып.

2023 жылдан бастап I және II патогендік топтардың патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істегені үшін ветеринариялық мамандарға кемінде еңбекақыға 35 пайыз және 50 пайыз үстемеақы және екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысы төленеді, - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек.

Айтуынша, заңнамалық деңгейде патогенділігі 1 және 2-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істейтін ветеринариялық мамандарға және мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің көмекші персоналына еңбекақыға қосымша ақы және кем дегенде екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету мүмкіндігіне бағытталған бірқатар нормалар қабылданған.

Сондай-ақ кәсіпорындар түрінде де, мекеме түрінде де құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ақылы қызмет көрсетуі есебінен еңбекақыны ұлғайту мүмкін деп есептейміз. Бұл ретте қолданыстағы заңнама ветеринария саласындағы мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндік береді, оларды өткізуден түскен ақша олардың иелігінде қалады, - деп атап өтті Әбілқайыр Тамабек.

 

 

Өзгелердің жаңалығы