Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді

23 Қаңтар 2023, 14:32
994
Бөлісу:
Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді

Елімізде үш су қоймасы жөндеуді қажет етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі туралы және республикадағы су шаруашылығы жағдайы жайында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов айтты.

Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыстар бар. Оның ішінде республикалық меншікте – 536, коммуналдық меншікте – 1 011, жеке меншікте – 239, иесіз – 20, - деп мәлімдеді ол.

Досбол Бекмағамбетов атап өткендей, биылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша 1 322 ГТҚ зерттелген.

471 нысан жөндеуді талап етеді, оның 327–сі коммуналдық меншікте, 94-і республикалық меншікте, 44-і жеке меншікте. 6-ы иесіз. 3 су қоймасы жөндеуді қажет ететіндіктен транзиттік режимде тұр. Министрлік ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау үшін жергілікті атқарушы органдарға тиісті іс-шараларды өткізу туралы ұсынымдар жіберілді, - деп түсіндірді комитет өкілі.

Бекмағамбетов министрлік су тасқыны кезеңінде өз құзыреті шегіндегі жұмыстарды оперативті атқаруға дайын екенін жеткізеді. 

Өзгелердің жаңалығы