Елімізде үш күнде 1260 қылмыс тіркелді – ІІМ

4 Қараша 2024, 16:54
471
Бөлісу:
Елімізде үш күнде 1260 қылмыс тіркелді – ІІМ
Фото: Арман Мухатов -архив

Елімізде тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 180 адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің басқарма бастығы Бауыржан Максимов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республика бойынша «Учаске» және «Құқықтық тәртіп» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіліп, оған 16 мыңнан астам полиция қызметкерлері мен ұландықтар жұмылдырылды. Үш күн ішінде 1260 қылмыс тіркелді. Оның 858-і сол күні ашылды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 180 адам ұсталды, - деді Максимов Қоғамда заң және тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде өткен брифингте.

Олардың арасында:

78-і есірткі үшін (олардан шамамен 13 кг есірткі заттары тәркіленді);
54-і атыс қаруы үшін;
31-і суық қару үшін.

Максимовтың сөзінше, есепте тұрған 39 мыңнан астам адам тексерілді. Оларға қойылған шектеулердің 392 рет бұзылғаны анықталды.

Үш күн ішінде 9 мыңнан астам қараусыз қалған үй, 17 мыңнан астам саяжай және 13 мыңға жуық пәтер тексерілді.
29 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деді ол.

Олардың ішінде:

- ұсақ бұзақылықтың 547 фактісі;
- алкогольдік ішімдіктерді ішудің немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 3300 фактісі;
- тыныштықты бұзудың 1245 фактісі;
- қорғау нұсқамаларын бұзудың 152 фактісі;
- әкімшілік қадағалауды бұзудың 63 фактісі;
- қарсы жолаққа шығудың 201 фактісі;
- көлік құралын мас күйінде басқарудың 274 фактісі бар;
4390 жаяу жүргінші ереже бұзған.

Өзгелердің жаңалығы