Елімізде су тасқынынан 40 мектеп зардап шекті

24 Қыркүйек 2024, 11:09
355
Бөлісу:
Елімізде су тасқынынан 40 мектеп зардап шекті
Фото: Артём Чурсинов архив

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан су тасқыны кезінде қанша мектептің зардап шеккенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны болған өңірлермен бірге 237 мың оқушы контингенті бар 313 мектеп қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Қашықтықтан оқу салдарынан туындаған олқылықтардың орнын толтыру мақсатында маусым және тамыз айларында Жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылды. Ақтөбе, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының 44 мектебінде аралық және қорытынды аттестаттау тоқтатылып, оқушылардың қорытынды бағалары жылдық бағалар негізінде шығарылды, – деді вице-министр.

Ведомствода педагогтер үшін қолайлы жағдай жасау үшін 70 мыңнан астам педагогтің аттестаттаудан өту мерзімі жазғы кезеңге ауыстырылғанын атап өтті.

Су басқан өңірлерден 6 мыңға жуық балалар сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтылды. Су тасқыны салдарынан 11 мыңнан астам бала оқитын 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жөндеу жұмыстары толық аяқталды, – деді Еділ Оспан.

Өзгелердің жаңалығы