Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген

20 Маусым 2023, 11:31
1760
Бөлісу:
Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген
Фото: Артём Чурсинов

Елордада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форумға еліміздің әр өңірінен іріктеуден өткен еріктілер келіп отыр. Іс-шарада 400 ден аса қатысушы бар.

Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген

Волонтерлер форумның өту себебі, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның мінберінен келер жылдары Халықаралық волонтерлерді жинау жылы деп белгілеу бастамасы болған. Соған байланысты өткен жылы Орталық Азия волонтерлер форумы өтті. Осы жылы Халықаралық форум өтіп жатыр, - деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров.

Вице-министрдің айтуынша, форумның басты мақсатының бірі - еліміздің өңірлік көшбасшы ретінде басқа елдермен тығыз байланыс орналастыру. Ақпарат, тәжірибе алмасу. Халықаралық деңгейде тұрған мәселелерді бірге шешу.

Өткен жылы Мемлекет басшысы «Волонтерлік қызмет жөніндегі» заңға қол қойды. Ол заңда волонтерлік қызметтің елімізде қолайлы жұмыс жасауына жағдайлар жасалған. Негізі еріктілердің оқуға түсу кезінде, жұмысқа орналасу барысында басымдық беріледі. Қазір волонтерлік ұйымдарға қоймалар керек. Сол қоймаларды жергілікті атқарушы органдар арзан бағамен не болмаса тегін беруге заңды тетіктер берілген. Еліміздегі волонтерлік қызметтің дамуына үлкен мән беріліп жатыр.

Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген

Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлердің саны 3 есеге көбейген. 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден асқан болса, қазіргі таңда бұндай ұйымдардың саны 682-ге жеткен. Еріктілердің жалпы саны 2019 жылы 50 мың волонтер болса, қазіргі таңда 200 мыңнан асып отыр.

Айта кетейік, Екібастұз қаласындағы ТЖ кезінде 300-ден астам волонтер гуманитарлық көмекті қабылдау және сұрыптау пунктерін ұйымдастырды.

Түркиядағы табиғи апат кезінде елге 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен 150 киіз үй жіберілді, AFAD қорына 10 миллион доллардан астам қаражат бөлінді.

Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген

Абай облысындағы орман өрттері кезінде волонтерлер гуманитарлық жүктерді жөнелтумен айналысады. 3 штабта көмек көрсетеді, күн сайын өрттің жанында 300-ден астам ерікті жұмыс істейді.

«Біргеміз» республикалық фронт-офисі 120 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 24 мыңнан астам іс-шара өткізді.

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің қолдауымен 7 қазақстандық Кения, Иордания, Түркия және Таиландта БҰҰ құрылымдарында волонтер болып қызмет етеді. Әлем бойынша 16 мемлекеттің волонтерінде ғана осындай мүмкіндік бар.

Елімізде соңғы 3 жылда волонтерлер саны 3 есеге көбейген

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Еске салсақ, Астанада Халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. Форум 2 күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы