Елімізде соғысты қолдайтын ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

15 Қараша 2022, 15:53
1214
Бөлісу:
Елімізде соғысты қолдайтын ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

Әлеуметтік желідегі сыннан кейін Алматыда ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Концерт  14 ақпанда Almaty Arena-да болуы керек еді. Билет құны 8 мың теңгеден басталған.

Кейін әлеуметтік желілерде Гагаринаның және басқа да ресейлік әншілердің Қазақстанда өнер көрсетуіне тыйым салуын талап етті.

Оның шоу-бағдарламасының «Обезоружена» деген екіұшты атауы да жұрттың қызу талқысына түсті.

Ғаламтордағы қаптаған «хейттен» кейін Гагаринаның концерттік билеттері ресми сайттарда сатылуын тоқтатты. Кешті ұйымдастырушы Almaty Arena постерді алып тастады. Полина Гагаринаның өзінің сайтындағы концерттер тізімінен Алматы қаласы да жоғалып кетті.

Гагарина өзінің соғысты қолдайтынын Қырымды Ресеймен «біріктірілуіне» арналған концертте көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы