Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді

20 Қыркүйек 2023, 11:19
535
Бөлісу:
Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жетті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 

2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды. 

Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді

Бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. 

Біз Орталық Азиядағы инвестициялық көшбасшы болып қалу үшін шетелдік инвестициялардың ағынын қолдауға қажетті барлық мүмкін шараларды қабылдаймыз, — деді Ерұлан Жамаубаев. 

Елімізде сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді

Өз кезегінде Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы