Елімізде сәбилер өлімі азаймай тұр – Ажар Ғиният

21 Қыркүйек 2022, 09:32
1370
Бөлісу:
Елімізде сәбилер өлімі азаймай тұр – Ажар Ғиният

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сәби өлімі жоғары деңгейде қалып отыр. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіштің 6,5%-ға өсуі байқалады. Көрсеткіштердің ең нашар мәндері Қостанай облысында, яғни 1000 тірі тулғанға шаққанда 12,58 және Шымкент қаласында – 1000 тірі туғанға шаққанда 13,58-ды  көрсетті. 33% жағдайда 1 000 граммға дейін шала туған, салмағы аз балалар шетінеген, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, биыл жарты жылда ана өлім-жітімінің көрсеткішін 2,4 есеге төмендеген. 

Ал ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады. Оған 70% жағдайда акушерлік асқынулар мен 30% жағдайда соматикалық аурулар себеп болады. Медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентурада медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинекологтар, неонатологтар және анестезиолог-реаниматологтар сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды даярлауға арналған гранттардың саны бір жарым мыңға дейін ұлғайтылды, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы