Елімізде "С" вирустық гепатитімен ауырғандар саны азайды

31 Тамыз 2019, 13:33
1588
Бөлісу:
Елімізде "С" вирустық гепатитімен ауырғандар саны азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Елжан Біртановтың басшылығымен "С" вирустық гепатитіне шалдыққандар бойынша селекторлық кеңес өтті.

2019 жылдың 7 айында республикада жіті "С" вирустық гепатитінің 35 жағдайы тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,19 құрады. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 12 бала тіркелген. 100 мың балаға шаққанда 0,23. Балалар арасында ЖВГС жағдайы Нұр-Сұлтан қаласында (6), Алматы қаласында (3), Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында (1) тіркелген.

Сонымен қатар, соңғы 20 жылдағы ҚР-да ЖВГС шалдыққандар 2,8 есеге (1999 ж. - 229, 2018ж. - 79) төмендегені байқалады.

Кеңесте онкогемотологиялық аурулары бар балалар арасында "С" вирустық гепатитін жұқтырғандар мәселесі де қаралды. 2019 жылы 7 ай ішінде Ана мен бала ғылыми орталығында ем алған балалар арасында 13 жағдай тіркелген. ВСГ, оның ішінде ЖВГС - 6 жағдай және созылмалы вирустық гепатит "С" - 7 жағдай.

Сонымен қатар, биылдан бастап барлық пациенттер вирусқа қарсы тиімді еммен қамтылғанын атап өту қажет. 2018 жылдан бастап министрлік "С" вирусты гепатиті бар науқастарды емдеу үшін "Софосбувир" жаңа жоғары технологиялық дәрілік затты сатып алуға қаржы бөледі. Бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен жоспарланған 4 мың адамның орнына 18 мың адам емделеді.

Қазақстанға БҰҰДБ үш жылдық келісім аясында "С" гепатитіне қарсы 4,1 млн долларға (1,5 млрд теңге) дәрі жеткізіледі.

Осылайша, "С" вирусты гепатиті бар науқастар тиімділігі жоғары жаңа "Софосбувир+Даклатасвир" емделу мүмкіндігіне ие болды (курстың тиімділігі дәлелденген және 90% жетеді). 2018-2019 жылдары 21 191 науқас ем алады.

Өзгелердің жаңалығы