Елімізде ресми түрде 84 радио тіркелген – министр

1 Қазан 2022, 10:13
1266
Бөлісу:
Елімізде ресми түрде 84 радио тіркелген – министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі бүгінгі Радио күнімен осы саланың мамандарын құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 қазан – Радио күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы 1 қазанды «Радио күні» деп бекіткені белгілі. Ақпарат айдынында айрықша рөлі бар осы саланың мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде ресми түрде 84 радио тіркелген. Радиоларымыз тағылымды бағдарламалар мен танымдық хабарлардың, өзекті жаңалықтардың жаршысы болып, ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді. «Алтын қорда» сақталған тарихи маңызы зор, көркемдік құндылығы жоғары шығармалар – ұлт жадын жаңғыртар баға жетпес байлығымыз.

Радиоарналар егемендігіміз бен елдігіміздің қадір-қасиетін насихаттап, мемлекетімізді нығайтуға өзіндік үлесін қоса береді деп сенемін. Заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі ретінде жұртшылықты жаңашыл идеяларымен қуанта беруіне тілектеспін! Мереке құтты болсын, әріптестер!, - делінген құттықтауда.

Өзгелердің жаңалығы