Елімізде қызылшаның таралуы азайды – Денсаулық вице-министрі

25 Сәуір 2024, 17:34
270
Бөлісу:
Елімізде қызылшаның таралуы азайды – Денсаулық вице-министрі
Фото: BAQ.KZ - архив

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова елімізде қызылша ауруының деңгейі төмендегінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Есмағамбетова қызылша жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатқанын айтады.

Өткен және биыл қабылдаған шаралардың арқасында бүгінгі таңда 1,4 миллионға жуық адам қызылшаға қарсы екпе алды. Бұл 5 жасқа дейінгі балалар. Ал, 18 жасқа дейін екпеден алмаған балаларды егу жұмыстары жалғасып жатыр. Мұның бәрі қызылша эпидемиологиялық ахуалы тұрғысынан өз нәтижесін берді. Мәселен, қызылша жұқтырудың желтоқсан айында ең жоғары деңгей болса, қазіргі таңда қызылша көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда орта есеппен 30 пайызға төмендеген. Ең жоғары айдың көрсеткішін ескерсек, қызылша ауруы 2,2 есеге төмендеген, - деді Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында.

Бұған дейін Су тасқыны кезінде министрлік індеттің қалай алдын алып жатқаны туралы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы