Су тасқыны. Министрлік індеттің қалай алдын алып жатқанын айтты

25 Сәуір 2024, 16:50
221
Бөлісу:
Су тасқыны. Министрлік індеттің қалай алдын алып жатқанын айтты

Бұл сұраққа Сенат кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны басталғаннан кейін Санитарлық-эпидемиологиялық қызметі күшейтілген режимге ауысты. Су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу үшін судың қауіпсіздігі, сумен қамтамасыз етуге бақылау күшейтілді. Осы күнде 10 мыңнан астам судың зерттеуі жүргізілді. Нәтижесінде су арқылы таралатын жұқпалы аурулардың қаупі өте төмен.  Екіншіден, барлық эвакуациялық пунктерде біздің мамандарымыз тәулік бойы жұмыс істейді. Олар судың қауіпсіздігін, сумен қамтамасыз ету, тамақтың қауіпсіздігін және эвакуациялық пунктерде санитарлық-эпидемиологиялық режим сақтауды бақылауда ұстайды, - деді вице-министр.

Ол бүгінгі таңда судың астында 6 мыңнан астам эпидемиологиялық маңызы бар объектілер қалғанын айтады.

Оларға күн сайын мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ су кеткеннен кейін эпидемиологиялық маңызы бар объектілерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде 4 мыңнан астам объектіде дезинфекциялық жұмысы жүргізілді. Бұл жұмыстарды жүргізуге Қорғаныс министрлігінің мамандары көмектесіп жатыр, - деді Айжан Есмағамбетова.

Өзгелердің жаңалығы