Елімізде Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін

16 Қараша 2021, 09:39
1302
Бөлісу:
Елімізде Pfizer вакцинасы ақылы түрде салынуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. 

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы халықты вакцинациялау жұмыстары жалғасып жатыр.

Ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес, ел аумағында коронавирус инфекциясы таралуына жол бермеу үшін COVID-19-ға қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халықтың қалауы бойынша ақылы негізде вакцинациялау бойынша коммерциялық нарықта өткізу мүмкіндігі туралы Үкімет Қаулысының жобасы әзірленді, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Елімізде Pfizer вакцинасымен вакцинациялау басталғаны белгілі. Ол әзірге халықтың белгілі тобына – жүкті әйелдер, бала емізетін аналар мен 12 жастан асқан балаларға салынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Pfizer вакцинасының екінші партиясы қашан жеткізілетіні туралы айтқан болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы