Елімізде пәтерді жалға алу құны қымбаттап кетті

12 Мамыр 2023, 18:19
894
Бөлісу:
Елімізде пәтерді жалға алу құны қымбаттап кетті
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның қай бөлігінде пәтер жалдау құны өскенін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Көшбасшылар қатарында Алматы, Петропавл және Көкшетау бар.

Сарапшылардың айтуынша, жалға алу бағасы тұрғын үй құнынан кейін көтерілген. Бір жыл ішінде жаңа ғимараттардағы пәтерлер 8 пайызға қымбаттаған. Енді олардың орташа бағасы бір шаршы метр үшін 486 мың теңге. Ақтөбе мен Ақтауда жаңа тұрғын үй қымбаттады.

Осыған байланысты пәтерлер жалға алу бағасы да айтарлықтай өсті. Жалдамалы тұрғын үйдің шаршы метрі қазір шамамен 5 мың теңге.

Өзгелердің жаңалығы