Елімізде «оқушы - мектеп - ата-ана» жұмыс форматы енгізілді

20 Мамыр 2022, 11:18
1252
Бөлісу:
Елімізде  «оқушы - мектеп - ата-ана» жұмыс форматы енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен парламенттің тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілгенін мәлім етті.

Елдің ертеңі, мемлекетіміздің тірегі – жастар. Өздеріңізге белгілі ел халқының 20%-ын жастар құрайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құру идеясын жүзеге асыруда жастардың орны ерекше, - деп атап өтті Тоғжанов.

Осы орайда Үкімет жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау бойынша кешенді жұмыстарды іске асырып жатыр. 

Басты басымдық жас ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуына жол ашатын сапалы білім беру. Бұл ретте білім ұйымдарында оқытумен қатар тәрбиенің рөліне аса мән беріліп отыр. Осы мақсатта биылдан бастап мектеп пен ата-ананың тәрбие процесіндегі өзара жауапкершілігіне негізделген «оқушы - мектеп - ата-ана» бірлескен жұмыс форматы енгізілді, - деп айтты Үкімет мүшесі Сенатта.

Сөзінше, бұл ата-аналар қауымдастығын мектептегі тәрбие ісіне көптеп тартуға бағытталған.

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы