Елімізде өңірлерге қанша вакцина жеткізілгені айтылды

4 Маусым 2021, 13:55
1378
Бөлісу:
Елімізде өңірлерге қанша вакцина жеткізілгені айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев елімізде COVID-19-ға қарсы қанша вакцина жеткізілгенін айтты.

Президенттің 1 ақпандағы тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы COVID-19 вакцинасын сатып алды.

Бүгінгі таңда өңірлерде азаматтар вакцинаның 4 түрінің бірін таңдауға мүмкіндіктері бар. Ол қанша вакцина сатып алынғаны туралы ақпаратқа тоқталды.

«Спутник V» вакцинасы 10 миллион 280 мың доза көлемінде (ҚФК және РФ өндірген) сатып алынды, оның ішінде биыл 1 ақпаннан бастап өңірлерге бірінші компоненттің 1,9 млн дозасы және екінші компоненттің 1,4 млн дозасы жөнелтілді. 10 маусымға дейін бірінші компоненттің 1,2 млн дозасын және екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелту аяқталады. QazCovid-in (отандық QazVac) вакцинасы 2 млн доза көлемінде сатып алынды. Өңірлерге 100 мың доза жеткізілді. Келесі жеткізілім маусым айының соңына дейін жоспарланған, - деді ол.

Сонымен қатар Hayat-Vax 1 млн доза көлемінде сатып алынды және өңірлерге жөнелтілді. Бұдан басқа, өндіруші Sinovac Biotech компаниясы болып табылатын Coronavac вакцинасының 500 мың дозасы сатып алынды. Өңірлерге жеткізу 12 маусымнан кейін жоспарланып отыр.

Осылайша, бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы сатып алынған 13 миллион 780 мың дозаның 4,4 млн доза вакцина аймақтарға жеткізілді. Вакциналарды аймақтарға бөлу ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылады, - деп толықтырды Ерхат Есқалиев.
Өзгелердің жаңалығы