Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасына сұхбат берген Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйкерім Кудеринова мәлімдеді.
Ерекше балалардың санатына көптеген балалар кіреді. Өкінішке қарай, еліміздегі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Жыл сайын олардың саны көбейіп келеді. Ол балалар басқа балалармен бірге өзінің үйінің жанында оқуға құқығы бар. Сол үшін инклюзивті принциптерді қолданып, балаға мектепте жағдай жасауымыз керек, - деді Әйкерім Кудеринова.
Сондай-ақ ол инклюзивті білім беру – әлемдік озық тәжірибенің бір түрі ме, жоқ әлде қажеттіліктен туындаған жағдай ма деген мәселеге тоқталып өтті.
Бұл біріншіден, қажеттіліктен туындаған жағдай. Өйткені бүгінгі таңда инклюзивті білім беру дегеніміз – кез келген балаға оқу кезінде жағдай жасау. Себебі әр баланың дамуы да, сұранысы да жеке екені белгілі. Сондықтан ол бала оқыған кезде оған тікелей оқуын жақсы оқу үшін тікелей жағдай жасау – бүгінгі күннің сұранысы. Мәселен, шетелде аталған проблемаға көптен бері оң көзқараспен қарап, мектептерде, білім беру ұйымдарында жағдай жасап жатыр. Ал бізде мұны енді дамытудамыз, - деп атап өтті орталық басшысы.
Атап айтқанда, бұл бағыт 2011 жылы білім беруді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаға енгеннен кейін ғана қолға алынған деп отыр.