#Желмая. Не себепті ерекше балалардың саны көбейіп келе жатыр?

28 Маусым 2022, 09:30
6616
Бөлісу:
#Желмая. Не себепті ерекше балалардың саны көбейіп келе жатыр?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйкерім Кудеринова.

Кез келген балаға оқу кезінде жағдай жасау маңызды. Баланың үйдің жанындағы мектепте оқуға құқы бар. Елімізде ерекше балаларға арналған оқулық мәселесі қандай? Мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 170 мыңнан асады. Ерекше балаларға арналған оқу орталықтары жеткілікті ме? Ал, кадр, маман дайындау мәселесі қандай? Мұғалім ерекше баламен жұмыс істеу үшін нені білуі керек. Ерекше баласы бар ата-ана қайда баруы керек? Не себепті ерекше балалардың саны көбейіп келе жатыр? Осы және өзге де маңызды сауалдарға «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Әйкерім Кудеринова жауап береді. 

«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Бұған дейін «Желмая» жобасының қонағы Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов болған еді.

Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы