Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі

19 Сәуір 2023, 16:10
615
Бөлісу:
Елімізде мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізіледі
Фото: inbusiness.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асыру туралы брифинг барысында бизнес-иммиграция жайы да айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Инвестиция тарту үшін әлемдегі бәсекелестік жыл сайын күшеюде. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мемлекеттері тәжірибесіне сүйене отырып, инвестициялық виза берудің төменгі шегін 300 мың АҚШ долларына (шамамен 140 млн теңге) дейін азайту қарастырылған. Осы санаттағы мигранттар үшін «Инвесторлық виза» енгізу ұсынылады, - дейді Көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов.

Айта кетейік, бұл виза елде тұруға, бизнесін тіркеуге, мүлікке иелік етуге, жұмыскер жалдауға, қаржы төлемдерін жасауға және олардың кәсіпкерлік қызметінен туындайтын өзге де операциялар жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1693 жұмыс беруші бар. 

Өзгелердің жаңалығы