Елімізде мал ұрлығы азайды

24 Мамыр 2024, 16:12
241
Бөлісу:
Елімізде мал ұрлығы азайды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу мақсатында Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық іс-шараларын жүйелі түрде жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері полиция мал ұрлығын кәсіп еткен 200-ден астам адамды, оның ішінде 26 қылмыстық топты құрықтады. 

Биыл осы қылмыс үшін 65-тен астам адам сотталды, олардың жартысы темір торға тоғытылып, 5 жылдан көп мерзім арқалады. 

Қылмыстың бұл түрімен күрес жолға қойылған. Өңірлерде түлік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мал базарлары мен ет өнімдерін сататын орындар, мал сою цехтары үнемі тексеріледі. 

Алматы, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топтар анықталды. Қаскүнемдер ұрланған малды жүк көлігіне тиеп, әкетіп отырған. Негізгі күдіктілерден бөлек тасымалдаушылар және сатып алушылар құрықталды. 

Еске салсақ, 2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мал ұрлығы үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық кодекске "Мал ұрлығы" деген жеке бап енгізілді. Нәтижесінде Қазақстанда соңғы 5 жылда мал ұрлығының саны 32%-ға төмендеді. 

Мал ұрлығының алдын алу үшін ІІМ қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады: 

– малды қараусыз қалдырмаңыз; 

– асыл тұқымды малды бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз; 

– малды міндетті түрде таңбалаңыз.

Өзгелердің жаңалығы