Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Биыл қаңтар-қараша айларында ел экономикасының өсу қарқыны 3,8%-ға дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсімнің жылдамдауы, нақты сектордағы өсу қарқынының тұрақтылығы, экспорттың жоғары көрсеткіштері арқасында сауда балансының нығаюы, өндіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалып отыр, -деді министр Үкімет отырысында.
Ерғалиевтің айтуынша, қаңтар-қарашадағы нақты сектордағы өсім 2,9% көрсетіп отыр.
Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 3,9%-ға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, сауда, сумен жабдықтау, құрылыс, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібіжоғары өсім көрсетуде, -деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.