Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өтеді

5 Қараша 2020, 09:22
1662
Бөлісу:
Елімізде «Қыс-2020» республикалық штабтық  жаттығу өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5-6 қараша аралығында елімізде «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында «Қыс-2020» республикалық штабтық жаттығу өткізіледі.

Жаттығу қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құрамаларының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі. Жаттығудың басшылық штабы ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының  ахуалдық залында (Нұр-Сұлтан қаласы)орналасады, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Қыс-2020» жаттығуы аясында республика бойынша күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, апаттық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен ТЖ жою бойынша іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар жүргізілетін болады.

 


Өзгелердің жаңалығы