COVID-19: 10 мыңға жуық қазақстандық ревакцинацияланған

30 Қараша 2021, 09:43
938
Бөлісу:
COVID-19: 10 мыңға жуық қазақстандық ревакцинацияланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады. Оның айтуынша, 22 қарашадан бастап республикада халықты КВИ-ға қарсы ревакцинациялау науқаны басталды.

Ревакцинациялаумен бірінші кезеңде халықтың осал топтары, яғни медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері, 60 жастан асқан адамдар, өз бетінше зерттеуден өткен және КВИ-ге қарсы антиденелерге теріс нәтижесі бар адамдар қамтылады. Екінші кезеңде: вакцинацияны екі дозамен аяқтаған адамдар тұр, - деді Марат Шоранов.

Вице-министрдің мәліметінше, бүгінгі күні ревакцинация алған адамдардың саны - 9 мың 412 адам.

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр елімізде 63 мыңға жуық бала коронавирусқа қарсы екпе алғаны туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы