Елімізде «Кең дала-2» бағдарламасымен несиелендіру басталды

29 Қараша 2024, 22:41
390
Бөлісу:
Елімізде «Кең дала-2» бағдарламасымен несиелендіру басталды
Фото: baq.kz

Елімізде бүгіннен бастап 2025 жылдың көктемгі-далалық жұмыстарын несиелендіру басталды деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Кең дала-2» бағдарламасы бойынша бүгін батысқазақстандық 8 шаруа 320 млн теңгенің жеңілдетілген несиесіне қол жеткізді. Ал жыл аяғына дейін өңірде 2 млрд теңгені игеру көзделген.

Ерекшелігі – «Кең дала-2»-нің» кепілге «Даму» қоры 85% кепіл береді. Жаңағы бізден қаражат алып отырған кісі небәрі 15% кепілге қояды. Жеңілдетілген бағдарлама. Сонымен қатар биыл ақша-қаражат ерте беріліп жатыр. Құжаттар жиналды. Тізімі бар аламыз деп отырған кісілердің. Солар түгелдей қаражатпен қамтылады, - дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚОФ директоры Марат Сарсеев.

«Кең дала-2» бағдарламасымен жылдың аяғына дейін өңір шаруаларына 2 мрод теңге несие берілмек. Ал келер жылы облысқа 7 млрд теңге бөлу жоспарда.

Өзгелердің жаңалығы