Елімізде геологиялық зерттеулерге жылына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

4 Сәуір 2024, 16:28
344
Бөлісу:
Елімізде геологиялық зерттеулерге жылына қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді қаржыландыру көлемі жылына шамамен 10 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы бес жыл ішінде (2018-2023 жылдар аралығы) қаржыландыру сомасы шамамен 52 млрд.теңге. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланудан барлауға салынған инвестиция көлемі 357 млрд. теңгені құрағанын атап өткен жөн, - деді спикер.

Сондай-ақ, Ерлан Ақбаров елдегі минералды-ресурстық базаның әлеуетін арттыру және толықтыру үшін төмендегі жайттарды ескеру керек екенін жеткізді.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласын тұрақты қаржыландыру жеке инвестициялардың артуына әсер етеді. Тиісті нәтижелі, болашағы бар жер қойнауына қатысты мемлекеттік геологиялық зерттеу көлемін ұлғайту инвесторларға жер қойнауын барлауға ынталандырып, мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы