Елімізде газ қымбаттауы мүмкін. Президент мәселені шешуді тапсырды

29 Наурыз 2023, 10:59
765
Бөлісу:
Елімізде газ қымбаттауы мүмкін. Президент мәселені шешуді тапсырды
Фото: vse42.ru

Зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текше метрі қымбаттырақ болуға тиіс. Бұл туралы VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр тауар газының тапшылығына тап болдық. Бұл жағдай бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіре жаздады. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін нарықты газбен қамтамасыз ету керек, - деді Мемлекет басшысы.

Сөзінше, Қазақстанда газдың бағасы көрші мемлекеттерге қарағанда әлдеқайда арзан. Тоқаев шетелдегі сияқты әртүрлі тарифтерді бізге де енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн екенін айты. 

Төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидия көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ. Қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, әлеуметтік әділдік деген – осы. 

Қолда бар шикізатты пайдалану тиімділігін арттыру маңызды. Күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек. Оның өзектілігі қазіргі күрделі геосаяси ахуал жағдайында күшейе түсті. Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуі қажет, - деп түсіндірді Президент жиында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Тоқаев асыраушысынан айырылған азаматтардың жәрдемақысын 14,5 пайызға көбейтуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы