Биылғы жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстанда 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған мәлімет Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жарияланды.
Өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі 0,9% артық болған (73,3 млрд тг). Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.
Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.